Қазақы ұлттық құндылықтарымыз бала бойында бала күннен қалыптасу үшін, әрбір баланы қабылдаған сәттен оның бойына қалыптастырамыз. Бұл біздің бастапқы мақсатымыз.
Құрметті оқырмандар!
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының «Balbobek» жекеменшік балабақшасының сайытына қош келдіңіздер!
Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарды, біздің тәрбиенушілердің балабақшадағы өмірі жайында танысасыздар.
Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
Бала қуаныш, бала шаттық, бала бақыт. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара!
Бала жүрегіндегі мәңгі ұмытылмас сәттер балабақшада өткен әрбір күні. Балбөбектің жарқырап жанып тұрған жұлдыздары өздерінің бар білімдерін қоштасу ертеңгілігінде

Баланың әр күні қуаныш пен шаттыққа толы. Ал олардың туған күні тіпті ерекше ақпан айының 15 күні Сафия, Санжар балапандарымыздың туған күнін атап өтсек ақпанның 16 күні Арман баламыздың туған кешін ұйымдастырдық

Бала болмысы тым бөлек. Оны тәрбиелеу мен дамыту үлкен жауапкершілік. Балабақшамыздың педагогтары осы бағытта күнделікті іс-әрекеттерін нәтижелі атқару үшін жұмыс жүргізеді.

Бала қиялы жүйрік. Айналайын тобының балаларының осы іс әрекеті табиғат құбылыстарын бақылау мен қатар оны зерттеуге бағытталған. Балалар қардан өз қыялдарындағы бейнені жасап оған түс берді. Эксперимент жасап қардың түсінің өзгеруі мен қатар оның суға айналу процесінде жүзеге асырды.

Балабақшамыздың барлық бүлдіршіндерінің сүйікті іс-әрекеті ас пісіру. Кішкентай аспазшыларымыздан дәмді пицца.

Балабақшамызда ұлттық құндылығымызды дәріптеу басты міндет. Сол бағытта үнемі балалармен ойын іс-әрекеттер ұйымдастырылады. Ойынның бұл түрі ұлттық ою-өрнегімізді пазл етіп құрай отырып бір жағынан баланың ой өрісін, логикасын дамыту болса екінші жағынан ұлттық тәрбиені бойына сіңіру болып табылады.
























































































